24 тамыз 2019 15:20

"Тобылдың" экс-футболшысына шұғыл донор қажет

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Николай Жуков Николай Жуков

Қатерлі қан обырына шалдыққан "Тобылдың" экс-футболшысы Николай Жуковқа шұғыл донорлар қажет, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қатерлі қан обырына шалдыққан "Тобылдың" экс-футболшысы Николай Жуковқа шұғыл донорлар қажет, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бұрынғы спортшының жағдайы нашарлап кетті, оған қан тобы ІІІ (+) донорлар қажет. Бүгінгі таңда бір адам ғана қан тапсыру туралы шақыруға үн қатқан. Ал тромбоциттерді бір рет құю үшін оған алты донор керек.

Мұның алдында 25 жастағы қостанайлық "Тобылдың" тәрбиеленушісінен қан обыры табылған болатын. Оның бұрынғы әріптестері мен қала тұрғындары Германияда ота жасату үшін қаржы жинай бастаған. Әзірге керекті сома жиналған жоқ, барлығы шамамен 100 миллион теңге қажет. Бірақ клиникада оны емдеуге кірісу үшін күтіп отыр. Алайда, экс-футболшының жағдайы әлі ауыр және оны тасымалдау мүмкін емес. Германияға жіберу үшін тромбоциттерді құю керек. 

Көмектескісі келген адамдар Қостанай қаласы, Быковский көшесі, 4а мекенжайы бойынша Қан орталығына баруына болады.

Николай Жуковқа қаржылай көмек көрсетуге дайын адамдар үшін "Тобыл" футбол клубының сайтында деректемелер көрсетілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети