1. Басты
  2. Біл
  3. Өмір
  4. Бір үзік

Тоғызыншы қабаттан вентиляциялық шахтаға құлаған ер адам аман қалды - Видео 19 қаңтар 2019, 14:01

Башқұртстан тұрғыны тоғыз қабатты үйдің шатырынан вентиляциялық шахтаға құлап кетіп, аман қалды. Оны үйінділер арасынан шығару шаралары видеоға
видеодан үзінді видеодан үзінді

Башқұртстан тұрғыны тоғыз қабатты үйдің шатырынан вентиляциялық шахтаға құлап кетіп, аман қалды. Оны үйінділер арасынан шығару шаралары видеоға түсірілген, - деп хабарлайды "Вести.Ru".

Оқиға 18 қаңтарда Белорецк қаласында болған. Көпқабатты үйдің тұрғыны төбетті сыртқа серуендетуге алып шығуға бара жатқанда, қабырғаның арғы жағынан "құтқарыңыздар" - деген дауыс естіп, құтқару қызметіне қоңырау шалған. ТЖМ қызметкерлері вентиляциялық шахтаның біршама бөлігін бұзып, 29 жастағы жігітті шығарып алған. 

Оның денесінде кейбір жері сырылғаны болмаса, денсаулығына еш зиян келмеген.