"Қарағанды облысының тұрғыны Руслан Валиуллин жігер күштің және оптимизмнің үлгісін көрсетті. Толықтай сал болып қалған ер азамат жақсы бағдарламашы бола алды" деп хабарлайды Tengrinews.kz "Экспресс К" ақпарат құралына сілтеме жасап.

Руслан жас кезінен әскери адам болуды армандаған. Ол бокспен айналысып, қоян-қолтық жекпе-жек бойынша спорт шеберлігіне кандидат болды. Қостанайдағы ІІМ академиясының төртінші курсында оқып жүргенде Русланды "Сұңқар" арнайы жасағының құрамына таңдап алады. Өкінішке қарай әскери оқу жиыны кезіндегі мұнарадан қатерлі секіру оның өмірін екіге - "дейін" және "кейінге" бөлді.
Сол қайғылы оқиғадан бері арада 10 жыл өтті. Ол омыртқаға келген зақымнан енді тұрып, жүре алмайтынын мойындаған. "Маған бірдеңемен айналысу керек болды. Ата-анам маған компьютер сатып әперді, сол арқылы бағдарлама жасауды үйрене бастадым", - дейді Руслан. Оның бөлмесі жұмыс істеуге ыңғайластырылған: сенсорлы телефон тыңдайтын құлаққабымен, ноутбук, үкен монитор, икемге келмейтін саусақтар мен компьютерлік тінтуірді тіспен ұстап пайдаланатын ұзын таяқша.
Руслан қазір онға тарта веб-сайт жасаған және тапсырыс беру жалғасуда. Оның жеке қоры - Абай қаласының бейресми сайты. Қазіргі таңда сайттың танымалдығы артып, жарнамалар есебінен өзін ақтап отыр.