Төрт баласымен жалғыз қалған алматылық әйелінен алимент өндіре алмай отыр

05 Қазан 2018, 10:34
0
Төрт баласымен жалғыз қалған алматылық әйелінен алимент өндіре алмай отыр -

Алматы облысында 4 бірдей кәмелетке толмаған баласын өзі тәрбиелеп отырған ер адам 5 жыл бұрын тастап кеткен әйелінен алиментала алмай отыр. Қазірдің өзінде, "көкекананың" берешегі 2 миллион теңгеге жеткен екен. Алайда, сот шешімі бола тұра бауыр еті балаларына бір тиын да бермеген көрінеді. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бүлдіршіндер оны соңғы рет қашан көргендерін ұмытқан, кейде анасына арнап хат жазады екен. Сағынғаннан болар, жиі түстерінде көретінін айтады. Қазір 4 бірдей баланы әкесі мен әжесі бағып отыр. Ана жылуын бере алмасақ та, қатарынан қалдырмай, өсіріп келеміз дейді. Ұл-қызының ішіп-жеміне жауапты отағасы кезекті рет жұмыс іздеп кеткен екен.

"4 жылдан міне 7 ай асты жоқ болғанына. Басында жұмыс істеп, табыс тауып келем депті. Бұл күйеуіне айтқаны» - дейді Ақын Сара ауылының тұрғыны Орынбасар Саурықова.

Іні-қарындастарына бас-көз болып отырған үйдің үлкені 8-сыныпта оқиды. Анасын сағынғанмен, реніш пен өкпесі қара қазандай. Сол себепті, ол туралы айтқысы жоқ.

"Үйдегі шаруалар, одан кейін сурет саламын бос болсам, үй жинаймын. Әлия мен Нұртастың сабағына көмектесемін кешке қарай", - дейді Зейнеп Нұрзатова.

Ізім-ғайым жоқ болған әйел 5 жылға жуықтаса да бауыр еті балаларын іздемек түгілі қоңырау да шалмапты. Алғашында өзіндік себептер болған болар деп, "көкекананың" бұл әрекетіне отбасы түсіністікпен қараған. Алайда, уақыт өте келе қайтып келмейтінін сезген соң, өз бетінше іздеуге тырысқандарын айтады. Нәтиже болмаған соң, отағасы сотқа ажырасу туралы арыз жазып, алимент төлетуді сұрайды. Сот қос бірдей өтінішті қанағаттандырып, оң шешім шығарған. Алайда, 3 жыл ішінде 2 миллион теңгеге жуықтаған алименттен "көкекана" балаларына соқыр тиын да бермеген екен.

"Ол маған бір тиын да алимент бермеді. Ең болмаса аналық праводан айырылсын. Үкіметтің беретіні бар ғой, әйтеуір, қағаз-кітаптарына жетсе. Мен баладан безіп отырғаным жоқ, осылардың жолында өлуге дайынмын", - дейді Ақын Сара ауылының тұрғыны Орынбасар Саурықова.

Облыстағы жеке сот орындаушылары әйелдерінен алимент талап еткен еркектердің саны артып жатқанын айтып отыр. Мәселен, биылдың өзінде өндірісте 14 мың нанастам алиментті өндіру ісі қаралса, соның біраз бөлігі отбасын жалғыз асырап отырған еркектердің өтініші. Дегенмен, борышын өтеуден әйелдер де жиі жалтарады екен. 

"Алимент мендетті түрде бірінші төленуі керек. Ол - кәмелетке толмаған балалардың құқығы, біріншіден. Екіншіден, бір ата-ананың екіншісінің алдындағы міндеті, соттың шығарған бұйрығы бойынша міндеті. Сол себепті, борышкер өзінің міндетін орындамаған жағдайда Әкімшілік кодекстің 169-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады", - дейді жеке сот орындаушы Ермек Тазабеков.

Әкімшілік жазадан кейін де тиісті нәтиже болмаса іс қылмыстық атқару жүйесіне өтеді екен. Мұны ескерсек, 5 жылға жуық бой көрсетпеген ананы отағасы полицияға шағымдану арқылы қылмыстық жауапқа тарта алады. Бұлай болған жағдайда, "көкекана" 2 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.  

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай