Тұрғындар суицид оқиғаларына "дүлей күшті" кінәлайды

08 Қазан 2014, 17:42
0
Тұрғындар суицид оқиғаларына "дүлей күшті" кінәлайды - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Атырау облысындағы Дамба ауылының тұрғындары жылдың басынан бері болған өзін-өзі өлтіру оқиғаларына "дүлей күш" себеп деп есептейді, бұл туралы "Ақ Жайық" басылымы хабарлайды. 

2014 жылдың басынан бері ауылда төрт адам өз-өзіне қол жұмсаған. Екі оқиға жуырда ғана болды - екі әйел өз өмірлерін қиды. Басылымның хабарлауынша, ауылда адамдарды өлімге итермелейтін "дүлей күш" бар деп сенетін жергілікті тұрғындар түнде көшеге шығуға, балаларды ойнауға жіберуге қорқады.

Дамба ауылдық округінің әкімі Ұзақбай Байзуллин де тұрғындардың пікірімен келіседі. "Осының бәрінің жолын кесу үшін біз ауылға орталық мешіт қызметкерлерін шақырдық. Облыстың бас имамы бастаған бірнеше адам келіп, жағдайды түсіндірді. Енді бүкіл ауыл болып, садақа бергелі жатырмыз", - деді ол.

"Дүлей күші" бар ауылға облыстық мешіттің бас имамы Батыржан Мансұров келді. "Біз Дамба ауылында адамдар өз-өздеріне жиі қол сала бастады, ақыл-есінен айырылған адамдар бар дегенді естідік. Сондықтан облыстың бас имамы ретінде барлық мешіттің имамымен бірге осында келдік. Адамдарды жинап, жағдайды түсіндірдік. Әдетте сайтандар лас, нашар жерлерде жүреді. Сондықтан тұрғындардың бәрі үйлерінде, көшеде тазалықты сақтауы керек", - деді имам.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай