31 желтоқсан 2019 09:19

Тұрғындарды Жаңа жылмен ерекше құттықтамақ болған ақтаулық жазаланды

Көрнекі сурет © pixabay.com Көрнекі сурет © pixabay.com

Ақтауда көлігін түрлі гирляндамен безендіріп, ақтаулықтарды Жаңа жылмен құттықтамақ болған тұрғынға жергілікті полицейлер айыппұл салды, - деп хабарлайды инАқтау


Ақтауда көлігін түрлі гирляндамен безендіріп, ақтаулықтарды Жаңа жылмен құттықтамақ болған тұрғынға жергілікті полицейлер айыппұл салды, - деп хабарлайды инАқтау

Витайлийдің сөзінше, ол тек жан-жағындағылардың көңіл-күйін көтермек болған екен. 

"Мен қалада жүрген кезде адамдар бұған жақсы қарайды. Жүргізушілер дабылдарын қосып, жаяу жүргіншілер суретке түсіріп жатады. Мен ше? Мен тек адамдарға көңіл-күй сыйлағым келді", - дейді көлік иесі. 

Ерекше көлік иесінің бұл қылығын полицейлер жақтыра қоймаған. 

"Мені жолда тоқтатып, құжаттарымды тексеріп, артынша басшылықпен байланысты. Олар мен бұлай жүре аламын ба, жоқ па сұрап, сосын жіберді. Ал кеше басқа полицейлер тоқтатып, артқы нөмірімді шешіп алып, 12 АЕК (30 300 теңге) айыппұл салды. Егер жыл соңына дейін төлесем 6 АЕК болады. Бәлкім, олардың көңіл-күйі болмаған шығар", - дейді Виталий. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

С Настующим Новым Годом????????????

Публикация от Виталий (@aktau.dgohni)

Витайлий - өнеркәсіп альпинисі. Оның жары мен қызы болған оқиғаға қарамастан қолдау білдірген. 

"Әйелім ештеңе деген жоқ. Ол менің құрбым секілді болып кеткен, сондықтан тек қолдады. Қызым да "Әке, Жаңа жыл келе жатыр ғой, олар неге олай істеді?" деді. Мен де еш қынжылған жоқпын, баршаңызды Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын!", - деді ақтаулық тұрғын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети