Астанада ақшамен түскен бір жасар баланың суреті Интернетті жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада ақшамен түскен бір жасар баланың суреті Интернетті жаулап алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суреттегі баланың кесі Айдос Анаев бір жасар Әділ Анайды тұсау кесер рәсімінен кейін түсірген екен.
"Ұлымызға домбыра, қалам, кітап және ақша таңдауды ұсындық. Тұсауын кестік. Содан ол жақындап қолына қаламсап пен ақшаны алды. Ақшаларды ұстап, футболшы гол соққанына қуанғандай қуана бастады. Осы сәтті суретке түсіріп үлгердім", - деді баланың әкесі Айдос Анаев Tengrinews.kz тілшісіне.
Әкесінің айтуынша, ұлына рубльді олардың ата-аналары сыйлапты.
Сондай-ақ, Әділдің әкесінің айтуынша, ұлдары камераны жақсы көреді. Айта кетейік, Instagram желісінде жарияланған видео мыңға жуық көрілім жинаған.