U2 солисі Боно отырған ұшақтың есігі жұлынып қалды

13 Қараша 2014, 14:11
0
U2 солисі Боно отырған ұшақтың есігі жұлынып қалды - U2 солисі Боно. ©REUTERS
U2 солисі Боно. ©REUTERS

U2 тобының солисі Боно ұшып келе жатқан ұшақтың есігі жұлынып қалды, - деп жазады The Daily Mail. Learjet 60 D-CGEO жеке әуе көлігі әуежайға қалыпты жағдайда қона алды.

Журналистердің мәліметінше, Боно Дублиннен Берлинге Bambi International Music жүлдесін алуға ұшып келе жатқан. Топтың қалған мүшелері Германия астанасына кейінірек келуді ұйғарыпты. Ұшақ 2,5 мың метрге жуық биіктікке көтерілген кезде қатты дыбыс естіліп, әуе көлігінің артқы есігі құйрық тұсынан бөлінін қалған. "Бононың жолы болды, ұшақтың құлап түсуі де мүмкін еді. Олар Берлин әуежайына қонған кезде ұшақ жолаушыларының бәрі қатты қорыққан күйде болды. Есік жұлынып қалған кезде олар өте биік жерде еді. Есік жұлынып қалды, жолаушылардың жүктері ұшып кетті", - дейді U2 солисі маңындағылардың бірі.

Германия билігі мен Берлин әуежайы басшылығы ұшақтың "кілтипанмен" қонғанын растады. Қазіргі уақытта оқиғаны полиция тергеп жатыр. 

Айта кетейік, U2 пен оның солисі Боно Songs of Innocence атты 13-ші студиялық альбомын насихаттап жүр. Мұның алдында 2009 жылы шыққан No Line on the Horizon жинағы 150 миллионнан астам жазба түрінде сатылып, "Грэмми" сыйлығын 22 рет алған еді. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай