23 маусым 2015 16:02

Угандадағы ең сұрықсыз ер адам үйленген және 8 баласы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоролик кадры. © Ugxtra Sam Yiga/YouTube.com Видеоролик кадры. © Ugxtra Sam Yiga/YouTube.com

Угандадағы ең сұрықсыз ер адам сегізінші рет әке атанды, - деп хабарлайды Metro. Себаби (ең көріксіз) деген лақап атпен белгілі Годфри Багума сирек кездесетін дертке шалдыққан, оның түрінің өзгеше болуы да содан.


Угандадағы ең сұрықсыз ер адам сегізінші рет әке атанды, - деп хабарлайды Metro. Себаби (ең көріксіз) деген лақап атпен белгілі Годфри Багума сирек кездесетін дертке шалдыққан, оның түрінің өзгеше болуы да содан.

47 жастағы угандалық пен оның 30 жастағы әйелі Кейт Наманданың қыздары дүниеге келді. Намандамен кездеспей тұрып оның бірінші әйелінен екі баласы болған. Бірақ ол әйелінің өзге ер адаммен кездесіп жүргенін көріп, ажырасқан. Багума екінші әйелімен балалары туылғанға дейін төрт жыл бойы бірге тұрған. "Мен оның туыстарының біздің баламыз туылғанша мені көргендерін қаламадым, себебі олар әйеліме мені тастап кетуге кеңес бере ме деп қауіптендім. Ол жүктіліктің алтыншы айында болғанда өзі кетіп қалды. Бірақ кейін қайта оралды. Ол өз тағдырын қабылдады деп ойлаймын", - деді ол. Багума әйеліне өз түрін таңдап алмағанын және кеткісі келсе кез келген уақытта кете алатынын айтып түсіндірді. Сөйтіп Угандадағы ең сұрықсыз ер адам мен оның әйелі үйлену тойларын 2013 жылы жасады. Ол кезде екеуінің алты баласы болған. Тұңғыш сәбилері 2008 жылы туылыпты.

Айта кетейік, Багума 2002 жылы Угандадағы ең сұрықсыз ер адам деген титулға ие болды. Ол отбасы үшін ақша табу мақсатында жарысқа қатысты. Қазір ол ән салып, стендап жасап, әншілігімен табыс тауып жүр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети