14 желтоқсан 2016 20:54

Ұлттық ұлан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет баспасөз қызметінен Сурет баспасөз қызметінен

Осыдан 25 жыл бұрын көк байрағын желбіретіп, әлем тарихында Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті пайда болды. Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан даңғыл даму жолында алдыңғы қатарлы елдермен терезесі теңесетіндей игі істер атқарып, әлемдік аренада ойып тұрып өз лайықты орнын алды. Мемлекетіміз бұндай ауыз толтырып айтарлықтай жетістікке ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен отандастарымыздың жанқиярлық еңбегі, сондай-ақ "Елім" деп емірене қызмет еткен есіл ерлердің ерен ерліктері арқасында қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық ұланның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ел Тәуелсіздігін жұрпен қатар Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы да ерекше атап өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткен мерекелік шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды. Барша әскери қызметшілердің кеуделерінің жүрек тұстарына оң қолдарын қойып бірлесе шырқаған Гимн әуені патриотық әуезге тұнып тұрды.

Кең ауқымда өткен шарада «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары полковник Сабыржан Сүлейменов баяндама жасап, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының және Ұлттық ұланның жеткен жетістіктерін айтып өтті. Өз сөзінде ол: "Тәуелсіздік - біздің басты құндылығымыз, баға жетпес байлығымыз. Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан шақта әскери құрылымдар арасында алғашқы болып Ішкі әскер, қазіргіше Ұлттық ұлан әскері құрылып, егеменді елдің берік қорғанына айналды. Қазіргі уақытта ұландық жауынгерлер бейбіт күнде де ерлікке орын барын дәлелдеді. Хас жауынгерлер Ербол Отарбаев, Жандос Баянбаев, Сырым Сүндетов және күні кеше ғана Елбасының қолынан үшінші дәрежелі "Айбын" орденін алған Бахтияр Қайырбеков, сонымен қатар "Халық қаһарманы" жоғарғы мемлекеттік атағына ие болған полковник Қайрат Үмбетовтың жанқиярлық ерліктері ел есінде. Ұландық жауынгерлер қашан және қай кезде де болсын тұрақтылық пен тыныштық орнаған "Мәңгілік елдің" мәңгілік қорғаушысы бола бермек" деп баяндамасын түйіндей келе, барша қазақстандықтарды төл мерекемен тебірене құттықтады.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының барлық жеке құрамы, Ұлттық ұлан ардагерлері және әскери қызметшілердің отбасы мүшелері қатысқан іс-шара барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының жеке құрамды көтермелеу туралы бұйрықтары оқылып, жауынгерлік қызмет атқаруда үздік қырынан көзге түскен әскери қызметшілер грамоталармен, кеуде белгілермен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Әскери қызметшілерге марапаттарды

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев жеке өзі табыс етті.

Атап өтерлігі, бұл күні Қазақстанның мәдениет қайраткері, елге танымал продюсер, әрі әнші, композитор Арман Дүйсеновтің жетекшілігімен республикалық "Гүлдер" ән-би ансамблі ұландықтарға арнап мерекелік концерт сыйлады.

"Елім - дейтін ер болмаса, ерім - дейтін ел қайдан болмақ" демекші, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасуы мен нығаюы жолына, һәм қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен елдің бірлігін сақтау жолына Ұлттық ұланның айбынды жауынгерлері қашан да өз үлестерін қосып келеді және де қоса бермек!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети