Ұлыбританиялық әйел сүйіктісі бүйрегін берсе де оған тұрмысқа шығудан бас тартты

11 Ақпан 2018, 13:42
0
Ұлыбританиялық әйел сүйіктісі бүйрегін берсе де оған тұрмысқа шығудан бас тартты - © Стив Бейнбридж / Sunday Mirror
© Стив Бейнбридж / Sunday Mirror

Ұлыбританиялық әйел өзіне бір бүйрегін берген ер адамға тұрмысқа шығудан бас тартты, деп хабарлайды life.ru порталы Mirror басылымына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, ұлыбританиялық азамат Симон Луис сүйіктісіне донор болып, бүйрегін берген. Ол ота сәтті аяқталған соң тұрмысқа шығу туралы ұсынысын қайта жасаған, алайда сүйіктісі ол кезде де бас тартыпты. 

"Мэри Эммануэлль ұсынысын қабылдамаса да, ол істеген ісі үшін өкінбеді және сүйіктісімен бірге болатынынан үміттене беретінін айтты. Әйелдің ол ұсыныстан бас тартқан себебі денсаулығындағы проблемада екен, ол сол үшін өз болашағына сеніммен қарай алмайды", - делінген жарияланымда.

Порталдағы жарияланымға қарағанда, Симон мен Мэри бір-бірін сүйеді, бірақ олар дос болып қалуды шешіпті.

"Ол менің ең жақын досым және әрдайым солай болады. Екеуміздің арамыздағы махаббат шынайы. Ол мен үшін өліп қала жаздады", - деді Мэри. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай