04 қыркүйек 2014 16:23

Үндістанда бойжеткен итке тұрмысқа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мангли Манда. ©youtube.com Мангли Манда. ©youtube.com

Үндістанда ерекше той өтті - бойжеткен Шер атты төбетке күйеуге шықты, - деп жазады Newsru.com. Наным бойынша ит зайыбын зұлым күштерден қорғайтын болады.


Үндістанда ерекше той өтті - бойжеткен Шер атты төбетке күйеуге шықты, - деп жазады Newsru.com. Наным бойынша ит зайыбын зұлым күштерден қорғайтын болады.

18 жастағы Мангли Манда мұндай салтқа көнуге мәжбүр болды, себебі, ақсақалдардың айтуынша, ол дуаланған. Қариялар әлдеқандай қара күштерден қорғану үшін қыз хайуанға тұрмысқа шығуы керек деп шешті.

Ақсақалдардың пәтуасы бойынша қызға бағытталған дуа оның бірінші күйеуіне көшуі керек. Сол себепті қыздың әкесі "бірінші күйеу" болуға көшеден бір итті таңдап әкелді. Данагөйлердің айтуынша, дуадан айыққаннан кейін қыз адаммен некелесе алады, ол кезде Манданың күйеуіне ешқандай қауіп төнбейді.

Қыз бен иттің некелесуі кәдімгі үйлену тойларынан әсте кем түспеді: аста-төк салтанатқа музыканттар қатысты, барлығы 100-ге жуық адам келді. Қыз енді жануармен бірге тұратын болады, бірақ оның төбетке үй хайуаны ретінде қарайтыны белгілі. Егер қыз адамға күйеуге шыққысы келсе, оған ажырасудың қажеті жоқ, себебі итпен арадағы некесі заңды емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети