27 қаңтар 2015 13:07

Үндістанда селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ng.ru ©Ng.ru

Үндістанда теміржол бойында селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті , - деп хабарлайды Times of India


Үндістанда теміржол бойында селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті , - деп хабарлайды Times of India

Теміржол бойында үш студент қаза тапты. Олар жақындап келе жатқан пойызбен бірге өздерін суретке түсіргісі келген, бірақ олардың ісі қайғылы аяқталды. Оқиға 26 қаңтарда Уттар-Прадеш штатында таңғы уақытта болды. Айта кетейік, кеше бұл елде Республика күні тойланып жатқан. 

Төрт студент Дели қаласынан Агруға қарай жолға шығып, атақты Тәж-Махал кесенесіне барғысы келген. Достардың бірі пойыздың алдында тұрып селфи жасап, оны Интернетке жүктеуді ұсынады. Үш жігіт пойыздың жолына жақын тұрып, келе жатқан пойыздың алдында суретке түскісі келеді. Сөйтіп, олар пойыздың жақындағанын байқамай қалған. Тірі қалған студент полицейлерге өз достарын қырынан түсіріп тұрғандықтан, қауіп туралы ескертіп үлгермегенін айтып берді. Тәртіп сақшылары қаза тапқан студенттердің 20-22 жаста болғанын нақтылады - олар колледжде білім алып жүрген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.  

Еске сала кетейік, 2014 жылы тамыз айында Мексикада бір жігіттің ебедейсіз жағдайда өлгені туралы хабарланған еді. Ол тапаншамен селфи түсіргісі келіп, байқаусызда өзін атып алған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл жайттың қылмыс емес, қайғылы оқиға екенін ресми түрде мәлімдеді, бірақ оның мән-жайы анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети