04 ақпан 2017 17:51

Универсиада кезінде екі жігіт сүйіктілеріне үйлену туралы ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Универсиаданың тікелей эфирінде дирекция қызметкері сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Универсиаданың тікелей эфирінде дирекция қызметкері сүйіктісіне ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алатау" шаңғы-биатлон кешенінде Универсиада-2017 дайындау және өткізу дирекциясы қызметкерлерінің бірі сүйіктісіне ұсыныс жасады.  

Жарысқа бірнеше минут қалғанда стадионда әсерлі әуен басталып, стадионның негізгі экранында жас жұп көрсетілген. Көрермендер мен спортшылар Универсиада ұйымдастыру комитетінің қызметкері Әлішер Әбдімановтың тируба астынан шығып, сүйіктісіне гүл ұсынған сәтін тамашалады. Жігіт сүйіктісі Ажелика Косенкоға жақындап келіп, тізерлеп отырып, ұсыныс жасайды. 

Қыз сүйіктісін дереу құшақтап, "Иә!" деп жауап береді.

Ал екінші жағдай "Алматы Арена" спорт сарайының трибунасында болды. Ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасап, гүл сыйлайды, ал жүргізуші көрермерденден жастарға қошемет көрсетуді сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети