Үштөбеде қол-аяғынан айырылған ер адам наразылық ретінде өзінің арбасын өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Үштөбеде қол-аяғынан айырылған ер адам наразылық ретінде өзінің арбасын өртеп жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды.
Видеодан ер адамның жиналғандарға протездерін көрсетіп жатқанын көруге болады. Алдында қолының протездері жатыр, ал қасында арбасы өртеніп жатыр. Ер адамның өзі дауыс көтеріп, үй керектігін айтып жатыр.
"Міне қол-аяғым протез. Бір жарым жыл талап етіп келемін. Мұнда қараусыз тұрған үйлер бар. Instagram желісіне шығарайық. Қазіргі таңда маған үй керек. Қараусыз тұрған үйлер көп. Қалай өмір сүреміз? Қызым кішкентай болғандықтан, үй керек. Үй болмаса өз-өзімді қақ айырам. Инва-такси көмектеспейді, қыста жаяу жүрдім", дейді ер адам.
Алматы облысы әкімдігінің өкілдері жағдайды түсіндірді. Баспасөз хатшысы Ғалыммұрат Жүкелдің сөзінше, видеороликтегі 1979 жылы туған Болат Әбілдинов Үштөбеде тұрады. Үйленген, қызы бар. І топтағы мүгедек ретінде ол 2016 жылдың 15 қаңтарынан "Қаратал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де есепте тұр.
"Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша 2016 жылдың 15 қаңтарынан жеке көмекші қызмет көрсетеді. Сол жылы ақпанда үй ішіне арналған арба және 2017 жылы наурызда сыртта серуендеуге арналған арба берілген. 2017 жылдың маусымында екі қолы мен аяғына протез алған. 54 306 теңге көлемінде жәрдемақы алады. Әйелі Үштөбедегі кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді", - дейді әкімдік өкілдері.
Ер адам 2016 жылдың 16 ақпанынан №310 әлеуметтік әлсіз санат бойынша баспанаға кезекте тұр. Ер адам кезекте №70 болып тұр. Сонымен қатар, Қаратал ауданының әкімдігі Әділдиннің баспаналық жағдайына тексеру жүргізіп, оның тұрмыс жағдайы қанағатанарлық (екі тұрғын бөлмесі бар) деп танылған.
"Әйелінің сөзінше, баспана үшін коммуналдық төлемді қоса алғанда 20 мың теңгені құрайды. Аудан әкімі бөлім бастықтарымен (ТКШ, әлеуметтік бағдарламалар), Қаратал ауданының оңалту орталығы және зағиптар қоғамдастығының өкілдерімен бірге Әбілдиновпен тілдескен. Сөз барысында оған пәтер ұсынылды, алайда, ол жеке үй талап етіп, одан бас тартты", - дейді Жүкел.