21 ақпан 2019 11:33

Үй емес, нағыз өнер туындысы!

ПОДЕЛИТЬСЯ

BI Group құрылыс компаниясы Алматыдағы көркем атаулы Art Residence тұрғын үй кешенін пайдалануға берді. 305 пәтерлі үй Көк-Төбенің тамаша көрінісі ашылатын Медеу ауданының тарихи орталығында орналасқан.


BI Group құрылыс компаниясы Алматыдағы көркем атаулы Art Residence тұрғын үй кешенін пайдалануға берді. 305 пәтерлі үй Көк-Төбенің тамаша көрінісі ашылатын Медеу ауданының тарихи орталығында орналасқан.

Дәстүр бойынша, BI Development Almaty директоры Айдос Мукатаев пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, шаңырақтары бақыт пен берекеге толы болсын деген игі тілегін білдірді.

"Біз Art Residence-тің Алматыдағы сәулет өнерінің жарқын құбылысы болғанын қаладық. Сондықтан үйдің табиғатпен ерекше үйлесім табатын аймақты таңдадық. Тұрғын үй блоктары тура бір Іле Алатауы бөктерлерінің бедерлерін қайталап тұрғандай. Үй фасадының Fundermax панельдері - ақ және табиғи ағаш түстес. Үйдің кішкентай тұрғындары өнер атмосферасын сезініп өсу үшін, үй аумағында заманауи сәулет нысандары орнатылған", - деді жоба жетекшісі Александр Московкин.

Үлкен терезелер мен биіктігі 3 метр болатын пәтер төбесі Art Residence-те нағыз пейзаж әсерін туғызады - үлкен терезелер арқылы Көк-Төбе табиғатының әр мезгілге тән сұлулығын тамашалауға болады. Жаңа пәтер иелерінің арасында ғаламтор жұлдыздары - вайнерлер отбасы Дана Есеева мен Мейржан Туребаев өз пікірлерін айтты.

"Бізге жақындарымыз бен таныстарымыз BI Group-ты таңдауды ұсынды, осылайша біздің жолымыз болды! Біз бастапқы 30 пайыздық төлеммен бөліп төлеуге болатын өте тиімді акцияға кез болдық. Қазір біз пәтер кілтін алып, жөндеу жұмыстарын жасау үстіндеміз, жаңа пәтерімізге көшетін сәтті асыға күтіп жүрміз!", - дейді олар.

Art Residence - бұл Алматыдағы BI Group компаниясының алғашқы бизнес-класты тұрғын үй кешені, оның жалпы аумағы 52 мың шаршы метрді құрайды. Пәтер жөнінде толығырақ Алматы қаласы, Меңдіқұлов көшесі, 25 үй мекенжайындағы біздің сату орталығынан біле аласыз. Сонымен қатар, Алматыда BI Group компаниясы "Асыл Тау", "Сезам", Gagarin Park, "Аманат" және "Жаңа Жетісу" тұрғын үй кешендерін пайдалануға берген.  

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети