28 қыркүйек 2016 11:03

Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі барын білесіз бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/AkordaBaspasoz © Facebook/AkordaBaspasoz

Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, елімізде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне арналған мәдени-архитектуралық ескерткіштер Астанада, Алматыда, облыс орталықтары мен басқа да елді мекендерімізде орнатылған. Ал қастерлі тәуелсіздігімізге арналған сондай сәулет өнері туындысы шетелде де ашылғанын көпшілік біле бермес.

Осыдан тура он жыл бұрын, 2006 жылғы 28 қыркүйекте, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументінің ресми ашылу рәсіміне қатысқан болатын.

Сонда Елбасы: "Қазақстан мен АҚШ тарихында бүгін ерекше бір көңіл толқытатын күн. Тұңғыш рет біз Қазақстанның Тәуелсіздік монументін шет елде ашып отырмыз. Егемен Қазақстанның символына айналған осы ескерткіштің АҚШ астанасында бой көтергенін мақтан тұтамыз. Халқымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысын сипаттайтын осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты берік достық, ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік біріктіретінін білдіріп тұратын болады", - деген еді.

Қазақстан Президентінің Вашингтонда еліміздің Тәуелсіздік монументін ашқан сол сәтінен түсірілген фотосуретті оқиғаның онжылдығына орай фейсбук пайдаланушылары назарына ұсынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети