21 қазан 2016 10:15

Василий Левит және Сон Паскаль қорқордың зияны туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сон Паскаль және Василий Левит Сон Паскаль және Василий Левит

Қазақстанда "Темекі түтінінен азат Қазақстан" ұлттық коалициясы бастамасымен "Қорқор туралы шындық" атты ұлттық науқан бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда "Темекі түтінінен азат Қазақстан" ұлттық коалициясы бастамасымен "Қорқор туралы шындық" атты ұлттық науқан бастау алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар қорқордың зияны жоқ екені жайлы аңыздарды жоққа шығаратын бейнематериалдар жасады. Роликтерде Риодағы Олимпиада жүлдегері Василий Левит, әнші Сон Паскаль, актриса Гүлнәр Селбаева және альпинист Мақсұт Жұмаев бой көрсетеді. Сонымен қатар, кальян құрамы туралы барлық ғылыми дәлелдер мен фактілер, оның шайындысындағы инфекциялар және халықаралық зерттеу нәтижелері туралы ақпарат жобаның сайтына орналастырылған. 

Жобаны жасаушылар ұсынған статистика бойынша, 12 жастағы әрбір бесінші жеткіншек қорқор шегіп көрген, ал оны татып көргендердің жартысынан астамының (56 пайызы) қорқорды тастамақ ойы да жоқ. "Бұған әлсіз заңнама, халықтың аз ақпараттануы мен рестораторлар мен шиша-барлардың қатты жарнамалануы себеп", - дейді ұйымдастырушылар.

Науқан авторы Садықова Жәмиләның айтуынша, "қорқордың зиянсыздығы туралы" аңызды баяғыда-ақ сейілту керек болатын. "Ақпараттық алаң құру үшін бізге түрлі халықаралық журналдар мен мәлімет көздерінен біртіндеп мәлімет жинау керек болды, біз Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының еуропалық және араб офистарымен хат алмастық, қорқор туралы ағылшын тілінен ғылыми мақалалар мен жариялымдарды аудардық", - дейді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети