Вена вокзалында екі жолаушылар пойызы соғысты

16 Сәуір 2017, 12:08
0
Вена вокзалында екі жолаушылар пойызы соғысты - © kurier.at / Lisa Rieger
© kurier.at / Lisa Rieger

Австрияның Вена қаласында темір жол станциясында екі жолаушылар пойызы соғысып, жеті адам зардап шекті. Бұл туралы қала полициясы Twitter желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Апат қала орталығынан оңтүстік батыста орналасқан Мейдлинг ауданында болған. "Мейдлинг станциясы әзірге жабық. 30-ға жуық адам құтқарылды, жеті адам зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдарының басқа бір хабарламасында станцияда апатты-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын жазған. 

Әлеуметтік желіде оқиғаның куәгерлері апат орнынан суреттер жариялап жатыр. Кадрлардан бірнеше вагондардың аударылып қалғанын көруге болады. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай