Вьетнам соғысының ардагері 17 жыл бұрын істеген қылмысы үшін өлім жазасына кесілді

14 Қаңтар 2015, 12:27
0
Вьетнам соғысының ардагері 17 жыл бұрын істеген қылмысы үшін өлім жазасына кесілді - Лейтенант Эндрю Бреннан Вьетнамда ©Tne Wasington Post
Лейтенант Эндрю Бреннан Вьетнамда ©Tne Wasington Post

Вьетнам соғыс ардагері 17 жыл бұрын істеген қылмысы үшін 13 қаңтар күні өлім жазасына кесілді, - деп хабарлайды Lenta.ru The Wasington Post басылымына сілтеме жасап. Ардагер Эндрю Бреннан (Andrew Brannan) Джорджия штатында 1998 жылы шерифті өлтірген.

Бреннанның адвокаттары 66 жастағы ардагердің соғыста басынан қатты жарақат алып, өмір бойына мүгедек болып қалғанын айтып, қылмысты кешіруді сұраған. Айта кетейік, ардагердің мұндай тағдырына қатысты АҚШ-та түрлі көзқарас туып, әлеуметтік желілерде қызу талқыланды, ардагерлер ұйымдары оған қолдау көрсетті. 

Қылмыскерге кешірім беру туралы іс үш сатымен қаралды: Джорджия штатының кеңесі оған кешірім беріп, мерзімінен бұрын шартты түрде босату ісін қарады, одан кейін штат пен АҚШ-тың Жоғары соты бұл істі қарап шықты, алайда кешірім берілген жоқ. 

Айта кетейік, Бреннан 1998 жылы қаңтарда соқпақ жолда сағатына 100 миля (сағатына 180 шақырым) жылдамдықпен жүргені үшін оны тоқтатқан графство шерифінің орынбасары Лоуренс (Laurens County) Кайл Динкхеллерге (Kyle Dinkheller) Вьетнам соғыс ардагері екенін айтып, атып тастаймын деп айқайлаған. Соңында қаруын алып шығып, оқ жаудыра бастайды. Осы кезде полицей мен ардагер біріне-бірі оқ атып, салдарынан ардагердің қарнына оқ тиіп, ал полицей қаза болды. Бұл оқиға Динкхеллердің қызметтік көлігіндегі бейнекамераға түсіп қалған.

Айта кетейік, ардагер Эндрю Бреннан Вьетнамда 1970 жылы маусым айынан желтоқсанға дейін лейтенант қызметін атқарды, оның әскери міндетіне артерия оғын дәлдеу мен алдыңғы шепті бақылау кірді. Офицер өзге командирлердің қазасынан кейін екі рет рота командирі болған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай