24 желтоқсан 2014 10:00

Юлия Тимошенконың қызы бизнесменге тұрмысқа шығады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Артур Чечеткин мен Евгения Тимошенко. ©expres.ua Артур Чечеткин мен Евгения Тимошенко. ©expres.ua

Украинаның "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконың қызы Евгения бизнесмен Артур Чечеткинге тұрмысқа шығады. Үйлену тойы 27 желтоқсанда Киевте өтеді, - деп хабарлайды TCH.ua. Тойдың нақты қай жерде өтетіні жарияланбады.


Украинаның "Батькивщина" партиясының жетекшісі Юлия Тимошенконың қызы Евгения бизнесмен Артур Чечеткинге тұрмысқа шығады. Үйлену тойы 27 желтоқсанда Киевте өтеді, - деп хабарлайды TCH.ua. Тойдың нақты қай жерде өтетіні жарияланбады.

"Евгения екі жылдың ішінде қаншама қатал сыннан өтті, мен оған әйел ретінде үлкен бақыт тілеймін. Ол өте ашық-жарқын қыз, мен оған бақыт тілеймін", - деп жариялады басылым, тойға шақырылған халық депутаты Александра Кужельдің сөзін келтіріп. 

Депутаттың айтуынша, Юлия Тимошенко қызының тойына қымбат сыйлықтар бермеуді өтінген, себебі той өтетін залға қорап қойылады, сол жерде украина әскеріне қаражат жиналады. 

Басылымның хабарлауынша, Евгения мен Артур 2010 жылы, Тимошенко жаз бойына Қара теңіздің жағалауындағы жағажай кешенін жалға алған кезде танысқан. Ал 2011 жылдан бастап олар романтикалық қарым-қатынаста болды.

Евгения Тимошенко - 34 жаста. Ол 2005 жылы қазанда ұлыбританиялық рок-музыкант, бірнеше дүкеннің иесі Шон Каррға тұрмыс шықты. Неке 2012 жылы бұзылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети