26 ақпан 2015 14:33

Зейнеткер өз хатын Назарбаев эфирден оқыған кезде жылап жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нина Мисоченко. ©Айсұлу Бұштаева Нина Мисоченко. ©Айсұлу Бұштаева

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телеарналар эфирінен оқып берген хаттың иесі - қарағандылық зейнеткер Нина Мисоченко бұрыннан келе жатқанын арманының орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телеарналар эфирінен оқып берген хаттың иесі - қарағандылық зейнеткер Нина Мисоченко бұрыннан келе жатқанын арманының орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен өмір бойы Президентке хат жазуды армандадым. Оған өмір сүріп отырған бейбіт заманымыз үшін алғыс айтқым келді. Мен көп жыл бойы ойлап, жоспарлап жүрдім, міне, шешім жасап, хат жаздым. Өзім жайлы, керемет немерелерім жайлы, Қарағандыдағы жақсы әрі жайлы өмір жайлы айтып бердім. Мемлекет басшысынан ештеңе сұрамадым. Менде бәрі бар - жақсы зейнетақы, пәтер, үлкен отбасы, 4 бала, 7 немере, 7 шөбере", - деді Нина Алексеевна. 

79 жастағы зейнеткер Президент әкімшілігінің мекенжайын Интернеттен тапқан. "Хат салынған конвертті мен "Қазпошта" АҚ арқылы қарапайым жолмен жібердім, тапсырыспен емес, хабарландырусыз. Президент менің хатымды оқып бергенде таңғалдым. Нұрсұлтан Әбішұлының менің хатымды алатынына, танысып шығатынына сенімді болдым. Бірақ эфирде оқиды деп ойламадым. Мен теледидар көріп отырып жылап жібердім", - деді қарағандылық әже.  

Нина Алексеевна бұрын құрылысшы болған. Онымен 50 жылдан астам уақыт бойы бірге ғұмыр кешкен марқұм күйеуі де құрылысшы болыпты. 1963 жылы жас жұбайлар Беларусьтен көшіп келген. Күйеуі 2011 жылы қайтыс болды. Нина Мисоченко Ұлы Отан соғысы кезіндегі ауыр жылдарды есіне алады, соғыс басталғанда ол 5 жаста болған. Қазір ол романдар мен хикаялар жазып жүр. Келген жасына қарамастан, ол компьютерді жетік меңгерген. 

Еске сала кетейік, 25 ақпанда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына үндеу жасады. Эфирде ол Нина Мисоченко жолдаған хатты оқып берді. Өз хатында әйел елдің қауіпсіздігі мен тұрақтылығындағы Президенттің ролін атап өтті. "Күн сайын балаларымның амандығы үшін, жеріміздегі бейбітшілік пен тыныштық үшін мінәжат етемін. Күн сайын Құдайдың алдында біздің үйлерімізге ешқашан ешқандай алауыздық пен ешқандай соғыс қатер төндірмесін, біз қашанда бейбіт және бақытты өмір сүрейік деп жалбарынамын. Қазақстанда барлық адамдар татулық пен бір-біріне сеніммен өмір сүріп жатса, бұл Сіздің ерен еңбегіңіздің арқасы. Қазақстандықтар бірге еңбек етіп, бір-біріне қолұштарын береді, балалары мен немерелерін алаңсыз оқытып, өсіріп жатыр. Әрқашан және мәңгілік осылай бола берсін!" - деп хаттың үзіндісін оқып берген Президент Нина Алексеевнаға алғыс айтып, барлық жетістіктердің жеке өзінің емес, бүкіл халықтың жетістігі екенін айтып өтті. Өзінің жолдауында Мемлекет басшысы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуіріне белгілеу туралы шешім қабылдағаны туралы хабарлады.

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети