Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 327.63
EUR / KZT - 365.73
CNY / KZT - 47.96
RUB / KZT - 5.48

102 жастағы француз велотректе рекорд орнатты

04 Ақпан 2014, 09:33
0
Сурет vk.com сайтынан алынған
Сурет vk.com сайтынан алынған
"Француз азаматы Робер Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен жылдам жүру бойынша әлемдік рекордты жаңартты" деп хабарлайды Tengrinews.kz Lenta.ru. сайтынан сілтеме жасап.

Жаңа әлемдік рекорд Париж қаласы маңындағы велотректе орнатылды. 102 жастағы спортшы бір сағатта 27 шақырым қашықтықты жүріп өткен. Қоса кетер жайт, Маршанды қолдауға 300-дей жанкүйер жиналған көрінеді. Ал, қарт велосипедші өзін жақсы сезінген, дегенмен жарыс соңына қарай шаршай бастағанын айтады. Бір қызығы, бұл көрсеткішке Маршанның көңілі толмапты.

Тағы бір айта кетер жайт, француз 100-ден асқан жалғыз кәсіби велошабандоз екен. Бұған дейінгі рекорд та дәл осы Маршанға тиесілі. Ол 2012 жылы бір сағатта 24,25 шақырым қашықтықты басып өткен болатын. Сондай-ақ, француз Маршан 100 жастан асқан адамдар арасында велосипедпен 100 шақырым қашықтықты жүріп өткен жалғыз велошабандоз. Қарт француз бұл қашықтықты төрт сағаттан астам уаықтта жүріп өткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай