08 ақпан 2016 15:32

110 жасқа толған қазақ қариясы ұзақ өмір сүруінің құпиясын ашты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Созақ ауданында ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетов 110 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Созақ ауданында ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетов 110 жасқа толды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Созақ ауданының әкімі Мақсат Исаев ең қарт тұрғын Бейсек Рсымбетовті 110 жасқа толған туған күнімен арнайы барып құттықтап, сый-сияпат жасады. Теріскейлік ең қарт ақсақал әкім құттықтауын ерекше ілтипатпен қарсы алып, аудан басшысына батасын берді.

"Қариясы бар үйдің қазынасы бар деген. Елімізде өзіңіздей сүйегі асыл, қазыналы қарияларымыз көп болып, жасыңызды ұрпақтарыңызға берсін. Немере, шөберелеріңіздің алдында аман-есен жүре беріңіз", - деді аудан әкімі. Кездесу барысында туған күн иесі ұзақ өмір сүруінің құпиясы қазақтың ұлттық сусыны - қымыранды көп ішуінің арқасында екенін айтты. Зейнеткердің бүгінде 32 немересі мен 22 шөбересі бар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети