30 желтоқсан 2014 15:33

2015 жылы сізге қажет болмайтын ойлар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото psyclass.ru сайтынан алынды Фото psyclass.ru сайтынан алынды

Аdme.ru порталы Мindbodygreen.com сайтына сілтеме жасай отырып, адамға пайдасынан зияны көп ауыр ойлар мен әдеттердің тізімін жасап, 2015 жылы олардан арылуға шақырады. 


Аdme.ru порталы Мindbodygreen.com сайтына сілтеме жасай отырып, адамға пайдасынан зияны көп ауыр ойлар мен әдеттердің тізімін жасап, 2015 жылы олардан арылуға шақырады. 

Біздің күн сайын өзімізге қаншама ауыр және жағымсыз эмоцияны ойлап табатынымыз белгісіз. Ондай негатив ойларды төңіректетудің қажеті жоқ, себебі бұл - түсініксіз бір сезім, ол ойдың тереңінде орналасқан, көрінбейді, бірақ жаныңды ауыртады. Сонымен, адам баласы алдағы жылы мынадай ойлар мен әдеттерден арылуы керек:

1. Өкіну - ол істі саналы түрде істегеніңді мойындай білу керек.

2. Өзге адамдар сізге қарағанда бақытты, жолы болғыш және жалпы сізге қарағанда жақсы деп ойлап, салыстырмаңыз. Қазір сіз болуға тиіс жердесіз, сіздің саяхатыңыз сіздің қалауыңыз бойынша қалыптасады. 

3. Сіздің мықты әрі шабытты етіп сезінуіңізге кедергі болатын ойлар бар. Тап сол жағдайда ол сіздің ойыңыз екенін ескеріңіз. Өзіңізге сеніңіз.  

4. Шындығында істегіңіз келген әрекет үшін кінәлі сезінбеңіз.

5. Белгісіздік қорқынышы - жол, жүріп бара жатқан адамның қадымының астынан пайда болатыны есіңізде болсын.

6. Өткен өмір жайлы ойлар болашағыңызға әсер етеді деп ойламаңыз. Егер сіз өмірдің жаңа парағын ашып, алға қарай жылжитын сәтті күтіп жүрсеңіз, сол сәт туды. Қазір - тап сол уақыт.

7. Алаңдаушылық - мұның қорқынышыңыздың жүзеге асуы үшін тілеу тілеумен бірдей екенін есте сақтаңыз.

8. Орынсыз айыптау - егер сізге бірдеңе ұнамаса, оның әрдайым екі жолы бар: қабылдау немесе өзгерту. 

9. Қажетсіздік сезімі - сіз бұл әлемге керексіз, әйтпесе сіз болмайтын едіңіз және қандай болу керексіз, қазір сондайсыз.

10. Арманыңыздың маңызы жоқ деп ойлау - жүрек үніне құлақ түріңіз, ол сізге не керегін біледі.

11. Әр істе және әркімге жол беру - егер аса қажет болмаса көп шығынданудың қажеті жоқ. Сіз - құндылықсыз, өзіңізді кемсітпеңіз.

12. Тек екі жолды ғана көру әдетінен арылыңыз - дұрыс және бұрыс. Әлем өзінің реңкімен ерекше, кереғарлық пен өмірдің мол мүмкіндігінен ләззат алыңыз.

13. Болуым керек жерде жүрген жоқпын деп ойламаңыз. Сіз өзіңізді табатын жерге апаратын жолдасыз және кез келген уақытта керек бағытқа бұрыла аласыз. Ең маңыздысы - қайда жеткіңіз келетінін білу, білмесеңіз өзіңізден сұраңыз. 

14. Бұрынғы жұбайыңызбен және достарыңызбен арадағы негатив қарым-қатынас. Біз бәріміз бақыт пен махаббатқа лайықпыз, егер қарым-қатынас үзілсе, ол қателік болды деген сөз емес. 

15. Жұмысты керек мөлшерден асыра істеуге тырыспаңыз. Сіз қазір қолыңыздан келгеннің бәрін істеп жүрсіз және сол жеткілікті.

16. Бәрін білуім керек деген ой. Өмір деген - жол және біз әр қадамнан, әр күн сайын аз-аздап сабақ аламыз. Бәрін алдын ала білу мүмкін емес, алда болатын оқиғаға алдын-ала дайындала алмайсыз.

17. Ақша туралы ойлап үнемі мазасыздану - барлық қарыздан жылдам құтылу үшін өз бюджетіңізді нақты жоспарлаңыз. Жоспар бар кезде тыныс алу да оңай.

18. Адамдарды құтқару немесе өзгерту үшін әрекет ету. Әр адамның өз жолы бар, егер біреудің кеңесіне емес өз-өзіңізді қалыпқа келтіруге зейін салатын болсаңыз, барлық мәселе жылдам шешіледі.

19. Бәріне ұнауға тырыспаңыз, сіздің бірегейлігіңіз бен жеке тұлғаңыз сізді қалың жұртшылық ішінен ерекшелеп тұрады. Тұлға өз бағасын өзі белгілейді, бәріне ұнау да, барлығы сізді ұнатуға да міндетті емес.  

20. Өзін-өзі сынау. Сіз дененің пішіні, цифр немесе сантиметр емессіз. Сіздің бар болғаныңыз аса маңызды, сіздің жаныңыз бен санаңыздың болғаны бүкіл әлемге қажет, сіз сол үшін де - тұлғасыз. Өзіңізді сүйіңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети