04 мамыр 2014 18:35

6-сынып оқушысы Назарбаевқа хат жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Prosnisipoy.com ©Prosnisipoy.com

Елбасының атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Елбасының атына Астана қаласындағы №2 мектеп-гимназия оқушысы Александр Влизькодан хат келді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

6-сынып оқушысы өз хатын қазақстандық миллиондаған баланың атынан қазақ тілінде жазған. Ол Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы Астанаға көшіргені үшін алғысын білдіріп, соның арқасында көптеген оқу орындары ашылғанын, онда түрлі ұлттардың өкілдері оқитынын айтқан.

"Рас, менің тегім сәл басқа. Мен украин ұлтының өкілімін. Бірақ мен өзімді бала күнімнен қазақпын деп сезінемін. Қазақпын деп есептеймін. Себебі мен бірлігі мен татулығы, достығы мен туыстығы жарасқан Қазақстанда өсіп келемін, - дейді Саша. Оқушы Қазақстанның болашағына сенетінін, осы ел үшін қызмет етуге дайын екенін жеткізген.

"Бұл жер – менің әкемнің кіндік қаны тамған мекен. Бұл жер – менің анамның өмірге келген қонысы. Менің сүйегім де, етім де - қазақ. Мен Қазақ жерінде туғанымды мақтаныш етемін, - делінген хатта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети