16 наурыз 2018 13:48

71 жастағы Сталлоне кәрілікпен қалай күресетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© LIVEstory © LIVEstory

Сильвестр Сталлоне 71 жасқа толғанына қарамастан жаттығу залында ауыр темір-терсекті көтеріп, жастарға үлгі болудан шаршамағанын тағы бір рет дәлелдеді. Бұл жолы ол 45 келі гантельмен турникке тартылып, Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады.

Сондай-ақ ол суретке былай деп жазды: "Тағы бір жеңіл дайындық! Сен өзіңді қаншалықты кәрімін деп сезінсең, дене мүшең де солай қабылдайды. ЛОЛ". 

Голливуд актері спорт залында түсірілген фото мен видеоларды әлеуметтік желіде жиі жариялайды. Алайда, соған қарамастан оны "өліп қалды" дейтін қауесеттер басылар емес. Мысалы, 18 ақпанда актердің обырдан қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Осыны естіген Сталоне дереу жауап қайтарды: "Өтініш мұндай ақымақтықты елемеңіздер... Мен тірімін, бақытты әрі денім де сау... Әлі де күресіп келемін!". 

© Instagram/officialslystallone
 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети