19 қараша 2014 18:20

76 жастағы зейнеткер полицейлерге шабуыл жасағаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©nnm.me ©nnm.me

Ақтөбеде 76 жастағы зейнеткер полицейлерге шабуыл жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон".


Ақтөбеде 76 жастағы зейнеткер полицейлерге шабуыл жасағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды "Диапазон".

Ақтөбенің қылмыстық тәжірибесінде мұндай жағдай бірінші рет болып тұр. Іс материалдарына қарағанда, 76 жастағы Любовь Ящук рұқсат етілмеген орында көкөніс сатып отырған саяжайшыларды полицейлердің қуып жатқанын көреді. Сөйтіп, оларға араша түседі. Зейнеткер бір полицейді иығынан ұрған, екіншісін тістеп алады. 

Полицейлерге шабуыл жасағаны үшін Любовь Ящукке қарсы қылмыстық іс қозғалды, құқық қорғау органы қызметкерлері жәбірленуші деп танылды. Сот зейнеткер әйелдің бостандығын бір жылға шектеуге үкім шығарды. "Сізге осы мерзім ішінде көңіл көтеру орындарына баруға тыйым салынады", - деді судья Перизат Атыбаева. Әйел сот үкімімен келіспейтінін және полицияға келіп көрініп тұрудан бас тартатынын мәлімдеді. 

Бұған дейін полицейлерге шабуыл жасау дерегі Ақмола облысында тіркелген еді. "Жолымбет" кенішінің күзет қызметі өз бетімен алтын өндіретін 20 адамды алтын концентраты салынған 148 қабымен бірге ұстайды. Олар бағалы жүк пен ұсталғандардың жартысын Шортанды полиция бөліміне тапсырады. Алтын іздеушілердің қалғандары поселкедегі полиция бөліміне келіп, тәркіленген алтындарды алып кетуге әрекеттенеді. Майор Қадыр Тоқсанбаев пен екі учаскелік полицей тонаушыларды тоқтатуға тырысады, бірақ қаскөйлер олардың қолын қайырады. Полицейлер "Майский" деген лақап аты бар 29 жастағы Бауыржан Жұмағұловты қолға түсірді. Сотта ол кінәсін мойындағанымен, сыбайластарын ұстап беруге көмектеспеді. Шортанды аудандық соты оның бостандығын үш жылға шектеуге үкім шығарды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети