24 қаңтар 2014 17:31

8 жасар бала туысын құтқарам деп қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет USA Today ақпарат құралынан алынған Сурет USA Today ақпарат құралынан алынған

"Американың Нью-Йорк шататының Пенфилд қаласында сегіз жасар бала жанып жатқан трейлерден алты адамды құтқарып, өзі қаза тапты" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпараттық құралына сілтеме жасап. Дүйсенбі күні 8 жасар Тайлер Духанның атасы және жеті туысқаны қонаққа келеді. Сейсенбіге қараған түні трейлерден өрт шығады. Духан жалынды бірінші болып байқап, қасындағы алты адамды оятып, олардың дер кезінде сыртқа шығуына көмектеседі. Содан соң Духан инвалиттер арбасымен ғана жүріп-тұратын мүгедек туысын өрттен алып шықпақ болып, жанып жатқан трейлер ішінде қалады. Алайда, атасы және мүгедек туысымен бірге өрт құшағында ажал құшады. "Ол ерлік жасап, өзгелердің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қиды. Ол нағыз батыр" - дейді Духан тәлім алып келген мектептің директоры. Болған оқиғаның мән-жай анықталуда. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр тогының тұйықталуынан болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети