23 ақпан 2017 17:55

80 жастағы тұрғын Ноғаевқа еңбегі үшін дәм татқызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 22 ақпанда Атырау облысында халыққа есеп беру кездесуінде 80 жастағы Ханым апа әкімге алғысын айтып, сүт ішкізіп, өзі жасаған құрт пен сары майдан дәм татқызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Кеше, 22 ақпанда Атырау облысында халыққа есеп беру кездесуінде 80 жастағы Ханым апа әкімге алғысын айтып, сүт ішкізіп, өзі жасаған құрт пен сары майдан дәм татқызды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ал енді мына сөзіңізге риза болып отырмыз. Бөліп отырған ақшаңыздың санын газеттен, жорнал мен теледидардан естіп біліп отырмыз. Ісің оңға бассын шырағым. Бірінші орын алып жатыр дегенді естіп, қуанып, жиналыс ашып жатыр деген соң рақмет айтайын деп келдім. Ал енді мен бата берейін, дәм татсын деп бір подаркы алып келіп едім. Соны мына баламнан беріп жіберейін", - деді әжей. Осыдан кейін кейуана әкімге "жүз жаса" деп батасын берді. 

Нұрлан Ноғаев әжейдің сөзін құп көрді. "Беріңіз, беріңіз апа", - деді. "Шұбат па, сүт пе? Құрт. Апа мынау май ма? Рақмет. Апа көңіліңізге рақмет", - деп алғыс білдірді әкім. 

Сонымен бірге, "Кішкентай ел" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ерлан Күмісқалиев әкімге "Жыл еріктісі" сыйлығын табыстады. Айта кетейік, қоғамдық белсенді демеушілер қаржысына туа біткен сырқаты бар балаларды емдеумен айналысады. 

Күмісқалиевтің сөзінше, қоғамдық бірлестікке "ерекше балаларға" арналған сауықтыру орталығын салуға Атырау шетінен 5 гектар жер берілген. Қазақстанда әзірге мұндай орталық жоқ. Онда балалар тегін емделеді, ал қаржы әлеуметтік кәсіпкерлік есебінен құйылады. Нұрлан Ноғаев еріктілерді қабылдап, бұл идеяға қолдау білдірген екен. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети