30 қазан 2014 22:13

Apple басшысы өзінің гей екенін тұңғыш рет мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тим Кук. ©Businessweek.com Тим Кук. ©Businessweek.com

Apple компанияның басшысы Тим Кук өзінің гей екенін мойындады. Бейсенбі күні, 30 қазанда Bloomberg Businessweek басылымына берген сұхбатында ол былай деді: "Бұған дейін мен көпшілік алдында өзімнің ориентациям туралы мойындаған емеспін. Енді анықтап айтқым келеді: мен гей екеніме мақтанамын және мұны Құдайдың маған берген ең үлкен сыйлықтарының бірі деп есептеймін".


Apple компанияның басшысы Тим Кук өзінің гей екенін мойындады. Бейсенбі күні, 30 қазанда Bloomberg Businessweek басылымына берген сұхбатында ол былай деді: "Бұған дейін мен көпшілік алдында өзімнің ориентациям туралы мойындаған емеспін. Енді анықтап айтқым келеді: мен гей екеніме мақтанамын және мұны Құдайдың маған берген ең үлкен сыйлықтарының бірі деп есептеймін".

Куктың айтуынша, ол өз мансап жолы бойында жеке өмірі турасында негізгі деректерді ғана айтып, өзіне айтарлықтай назар аударғысы келмеген. 

"Мен өз ориентациямды жасырмаймын және Apple компаниясындағы әріптестерімнің көбі көгілдір екенімді біледі және бұл олардың маған деген қатынасын бұзбайды. Мен өзімді белсенді санамаймын, бірақ Apple басшысы гей деген жаңалық біреуге өзі қандай болса - сондай екенін қабылдай алса немесе тең құқықтар үшін күресуге талпынуға мүмкіндік жасаса, ол менің жеке басымдағы құпияма тең дәрежедегі айырбас жасаған болар еді", - деді ол.

Мұнымен бірге Apple басшысы доктор Мартин Лютер Кингтің сөзіне әрқашан сенгендігін айтты, Мартин Лютер Кинг "өмірдегі ең шұғыл әрі бұлжымас сұрақ - "Өзгелер үшін не істеп жүрсің?" деген болатын. Кук өзіне осы сұрақты жиі қойып, өзінің жеке басындағы мәселені сақтауға деген қалауы оны әлдебір маңыздырақ нәрсеге жеткізбей тұр деген шешімге келеді.

Apple басшысының гомосексуалист екені жайлы алып-қашпа сөздің айтылып жүргеніне көп болды. 2013 жылы Out журналы Кукты ең беделді көгілдір деп атады, әйтсе де ол уақытта Кук өзінің жыныстық ориентациясы жайлы ашық айта қоймаған еді. 

Америкалық ірі корпорацияның атқарушы директоры жайлы жаңалыққа ресейлік саяси ортадағы тұлғалар ерекше назар аударды. Санкт-Петербург заңнамалық жиынының депутаты Виталий Милонов Тим Кукты Ресейге кіргізбеу туралы ұсыныс жасады. "Ол бізге не әкелуі мүмкін? Эбола жұқпасы? ЖИТС? Гонорея? Ол жақта бәрі бейберекет қарым-қатынас жасайды. Оның елге кіруіне мәңгілік тыйым салынсын", - деп мәлімдеді ол FlashNord басылымына.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети