28 қаңтар 2014 11:03

Marlboro темекісін жарнамалаған актер өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©REUTERS ©REUTERS

"Marlboro темекісін жарнамалау арқылы әлемге әйгілі болған америкалық актер Эрик Лоусон созылмалы өкпе ауруынан көз жұмды деп хабарлайды" Tengrinews.kz "Газета.Ru" сайтына сілтеме жасап Marlboro темекісін жарнамалауға қатысу арқылы әлемге әйгілі болған америкалық актер Эрик Лоусон өмірден озды. Хабардан белгілі болғаны, актер 73 жасқа қараған шағында созылмалы өкпе ауруынан қаза тапқан. Актер Калифорния штатындағы Сан-Луис-Обисло мекен-жайындағы өз шаңырағында өмірмен қош айтысқан. Эрик Лоусон Marlboro темекісін жарнамалаған 1978-1981 жылдарға дейін эпизодтық рөлдерде ғана көрініп жүрген. Айта кетер жайт, Лоусон темекіқұмар болған. Ол бұл зиянды әдетін дәрігерлер "созылмалы өкпе ауруы" деген диагноз қойғанға дейін тастамаған. Қоса кетер тағы бір жайт, темекіні жарнамалаған өзге актерлер-Дэвид Миллар мен Дэвид Маклин де өкпе ауруынан қайтыс болған. "Marlboro адам" компаниясы АҚШ-та 1954 жылы пайда болып, 1999 жылға дейін жұмыс істеп келді. Аталмыш компанияны ашу идеясы Лео Бурнеттке тиесілі. Жарнамашылардың ойы бойынша, кейіпкер ызбарлы ковбой не табиғат аясында темекі шегіп тұрған ковбой кейпінде болуы тиіс еді. Өйткені, жарнаманың басты мақсаты сол уақытқа дейін әйелдерге тән деп келінген фильтрлі темекіні дәріптеу болатын. Жарнамалық компанияның туындысы әлемде ең жарқын бренд деп танылған. Оны жасаушылар бірнеше айдың ішінде әйелдерге тән деп келген темекіні ерлер тартатын темекіге айналдырды. Көптеген ерлердің "Marlboro адам" болғанына қарамастан, дәл ковбой образы ең әйгілі болып, Marlboro Cowboy и Marlboro Country маркілерінің кең таралуына мұрындық болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети