02 мамыр 2018 23:38

Адамға шапқан арыстанның видеосы таралып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ОАР-дың солтүстігіндегі Лимпопо провинциясында сафари-саябағының иесіне арыстан шабуылдады, - деп хабарлайды The Citizen. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.


ОАР-дың солтүстігіндегі Лимпопо провинциясында сафари-саябағының иесіне арыстан шабуылдады, - деп хабарлайды The Citizen. Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.

Оқиға 30 сәуірде болған. Жыртқыш аң 67 жастағы Майк Ходжға шабуылдаған, ол ОАР-ға Ұлыбританиядан көшіп келіп, Жыртқыштарды ұстау орталығын ашқан. Ер адам торға кіріп, жануардың жүйкесіне тиген жағымсыз иістің неден шығып жатқанын білгісі келген. 

Кенет ер адамды арыстан құлатып, сүйреп әкетеді. Абырой болғанда рейнджерлердің бірі оқ атып, жыртқыш дауыстан үркіп, қашып кетеді.

Куәгерлер дереу дәрігер шақырған. Майк Ходж мойны мен жағы зақымдалған, алайда өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Оған шабуыл жасаған арыстанды кейін атып тастаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети