26 ақпан 2015 16:17

Әдемі естілетін есімдер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Clickbabynames.com ©Clickbabynames.com

Әйелдер мен еркектердің әдемі естілетін есімдері анықталды, - деп хабарлайды ағылшын басылымы DailyMail. Зерттеуге бес жыл уақыт кеткен - осы уақытта BabyNameWizard сайтының негізін салушы Лора Ваттенберг он мыңнан аса адамнан сауалнама алған.


Әйелдер мен еркектердің әдемі естілетін есімдері анықталды, - деп хабарлайды ағылшын басылымы DailyMail. Зерттеуге бес жыл уақыт кеткен - осы уақытта BabyNameWizard сайтының негізін салушы Лора Ваттенберг он мыңнан аса адамнан сауалнама алған.

Рейтингтің алғашқы ондығына Скарлетт, Николетт, Наталия, Анаис, Паулина, Алессандра, Шанель, Сорайя, Адрианна және Джулиана есімдері кірді. Ал ер адамның аттарынан, респонденттердің пікірінше, Алессандро, Лоренцо, Ретт, Ромео, Матео, Димитрий, Дэйн, Марсело, Данте және Реми есімдері әдемі естіледі. 

Ләззатқа бөлейтін есімдермен қатар ешкімді қызықтырмайтын аттар да зерттеліпті. Сауалнаманың мәліметінше, антирейтингтің көшін Боб, Эрнест, Норман, Дик және Говард, ал әйелдер арасында Гертруда, Берта, Агнес, Этель және Милдред деген аттар бастап тұр.

Зерттеу авторы ер адамдар арасындағы "тәбетті ашатын" есімдер о әрпімен аяқталады деген қорытындыға келді. Ал әдемі естілуі үшін әйелдер есімінің соңы а әрпімен бітуі тиіс екен. Мұнымен қатар, француз және итальян нақышы бар есімдер адамға ерекше әсер беретін көрінеді. Ваттенбергтің пікірінше, дауыссыз дыбыстардың қатар келуі әйелдер есімін тұрпайы ете түседі, мәселен, Гертруда немесе Милдред.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети