02 қазан 2014 11:26

Ағылшын аспазы қазақ дастарханына апорттан жасалған десерттерді ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Чериш Финден әзірлеген алма десерті. ©Әлішер Ахметов Чериш Финден әзірлеген алма десерті. ©Әлішер Ахметов

Ағылшын шеф-аспазы Чериш Финден қазақтың ас мәзірі апорттың негізінде десерт жасаудан ұтады деп есептейді. Бұл туралы ол Алматыда өткен аспаздық шеберлік дәрісі кезінде Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Ағылшын шеф-аспазы Чериш Финден қазақтың ас мәзірі апорттың негізінде десерт жасаудан ұтады деп есептейді. Бұл туралы ол Алматыда өткен аспаздық шеберлік дәрісі кезінде Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Чериш Финден

Ол семинарда апорттан жасалған десертін таныстырды. "Апортты пайдалануға болады. Апортты қолдануға болатын тағамдар көп. Балмұздақ, мусс, сорбет жасауға болады. Сіздер оны асхананың символына айналдыра аласыздар", - деді Финден.

Семинарда шеф-аспаз ұсынған десерт

Семинарда шеф-аспаз ұсынған десерт

Айта кетейік, ағылшын шеф-аспазы Қазақстанға ұлттық десерттер әзірлеуші аспаздар байқауына төреші болуға келген. Байқауда алматылық аспаз Гунчам Тоқтабакиева жеңімпаз атанды. Ол "Кәусар - жұмақ ләззаты" атты тәтті тағам жасаған. "Біз бұл десерт арқылы халқымыздың тарихын, дәстүрлерімізді, символдарымызды көрсеткіміз келді. Тағам құрамы талқан мен ірімшіктен тұрады. Біз құрамды ойдан құрастырып, оған еуропалық форма бердік. Талқанды грильяж орнына пайдаландық. Тағамда даламызды, тауларымызды, шаңырақты бейнеледік", - деді ол. Оның айтуынша, қазақтың асханасы тағам сапасын жақсарту бағытында дамуы керек. "Мен неше түрлі дәмдерді көбейтуді артық көрмеймін. Қандай да бір бағыттың болғаны дұрыс", - деді Тоқтабакиева. 

"Кәусар - жұмақ ләззаты" атты десерт

Семинарға қатысушының еңбегі


Семинарға қатысушының еңбегі 

Ағылшын аспазы өзіне қазақ асханасының ерекше әсер еткенін айтты. "Асханаларыңыз тамаша. Мен ешқашан жылқы етін жеп көрмеппін. Одан жасалған салат мені таңғалдырды", - деді аспаз. Финден халықаралық деңгейдегі қатысушылары бар байқауларды жиі ұйымдастырып, бәсекелестікті арттыру қазақ асханасының жаңа рецептілермен баюына ықпал етеді деп есептейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети