01 наурыз 2016 23:39

Ақмола облысында жалаңаш ер адам тапа-тал түсте серуен құрды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған сурет Куәгерлер жолдаған сурет

Ақмола облысында Щучинск қаласында тапа-тал түсте жалаңаш серуен құрған ер адам емдеуге жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.


Ақмола облысында Щучинск қаласында тапа-тал түсте жалаңаш серуен құрған ер адам емдеуге жіберілді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

Редакцияға ер адамның қала көшелерінде киімсіз жүргені түсірілген суреттер мен видео келіп түсті. Суретте ер адамның әкімшілік ғимараттардың маңында серуендеп жүргені және оған ешкімнің кедергі болмағаны көрінеді.

Ал бір видео көліктен түсірілген: кадрларына қарағанда, ер адам ешкімге қарамай жол жиегімен кетіп бара жатыр. 

Екінші видеода қаладағы банктердің бірінің ғимаратынан түсірілгенге ұқсайды. Кадр сыртындағы екі ер адам жалаңаш адамның шығуын күтіп тұрады. Ол  мекемеге кіреді, оның алдынан күзет қызметінің өкілдері шығады. Күзетші ер адамды сыртқа қарай шығарып жібереді. 

Tengrinews.kz тілшісі ер адамның жауапқа тартылмайтынын анықтады. ІІД баспасөз қызметінің өкілдері сурет пен видеодағы ер адамның медициналық ұйымдардың есебінде тұрғанын хабарлап отыр. Қазіргі уақытта ол тағы да ем қабылдауға жөнелтілді. "Ол жауапқа тартылмайды", - деді департаменттегілер.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети