Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

АҚШ бұрын жазықсыз сотталғандарға 40 миллион доллар өтемақы төлейді

21 Маусым 2014, 20:15
0
Атышулы іс бойынша қамалған бес азаматтың бір. Сурет bbc.co.uk сайтынан алынған
Атышулы іс бойынша қамалған бес азаматтың бір. Сурет bbc.co.uk сайтынан алынған

"АҚШ бұрын соттың қателігімен жазықсыз сотталғандарға 40 миллион доллар өтемақы төлейді" деп хабарлайды Tengrinews.kz BBC Русская служба ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Бұдан 25 жыл бұрын, 1989 жылы "Нью-йорктің Орталық саябағында әйел адамды зорлады" деген айыппен жазықсыз қамалған бес ер азамат билікпен бейбіт келісімге келді. Төлемақы көлемі 40 миллион доллар, бірақ оны федеральді сот мақұлдауы тиіс.

Хабарланғандай, афро және латынамерикалық нәсілді бес ер азамат сотталған кездерінде жасөспірім болған. Олар 2002 жылы аталмыш қылмысқа кінәлі сериялы зорлықшы Матиас Рейес ұсталғанға дейін 7 жылдан 13 жылға дейін түрмеде отырған. Матиас Рейес ол қылмысты жалғыз өзі жасағанын мойындаған.

Жәбірленуші 28 жасар Триша Мейли болған. Оны қатыгездікпен ұрып-соғып, зорлап, өлім аузына тастап кетен. Бақытына орай, оны дер кезінде тауып, жедел көмек көрсеткен. Алайда ол кімнің шабуыл жасағанын білмейтін болып шыққан.

Сол іс бойынша бес жасөспірім – Раймонд Сантану, Кевин Ричардсон, Антрон Маккрей, Юсеф Салаам және Кори Вайз ұсталып, адвокаттың қатысуынсыз бірнеше сағат тергелген. Тергеу барысында олардың бұл іске қатысы барын дәлелдейтін нақты айғақтар табылмаған, алайда оларды айыпты деп тапқан. Десе де 2003 жылы олар бостандыққа шыққан соң Нью-Йорк билігіне 250 миллион доллар көлемінде моралдық шығын төлеу туралы өтініш-арыз берген.

Олар Нью-Йорк полиция мен прокуратурасын "нәсілдік бойынша кемсітіп, заңсыз әрекет жасады" деп айыптаған.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай