Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

АҚШ-та егіздер екі түрлі жылы дүниеге келді

03 Қаңтар 2016, 17:40
0
© Vistanews.ru
© Vistanews.ru

АҚШ-тың Сан-Диего қаласында егіздер екі түрлі жылы дүниеге келді. Олардың бірі 2015 жылы туылса, екіншісі үш минуттан соң, яғни 2016 жылы дүние есігін ашқан. Бұл туралы "МИР 24" басылымы жазды.

Егіздер дүниеге келген перзентхананың дәрігерлері соңғы 30 жылда мұндай жағдайдың болмағанын айтты. Олардың ата-анасы енді балаларының туған күнін қалай жаздыратындарын ойланып жатыр. "Бір күнге жаздыруымыз мүмкін. Кейін екеуінің жанжалдасып қалғандарын қаламаймыз", - деді егіздердің әкесі Луис Сальгадо.

Басылымның мәліметінше, қазір екі нәрестенің де жағдайлары жақсы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай