Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

АҚШ-та қаңғыбас лотереядан жарты миллион доллар ұтып алды

09 Желтоқсан 2015, 18:07
0
© Jeremy Kowalis
© Jeremy Kowalis

АҚШ-тың Аспен қаласында қаңғыбас лотереядан 500 мың доллар ұтып алды, - деп хабарлайды KUSA. 60 жастағы Майкл Ингфорс ішімдікке салынғандықтан кәсібінен айырылған. Осыдан кейін оның әйелі кетіп қалады. Ол соңғы 6 жылды көшеде өткізген.

Жанармай құю бекетінен 10 долларға лотерея сатып алғаннан кейін оның өмірі өзгерген. Алғашқы цифрларды өшіргеннен кейін ол қомақты ақша ұтып алғанын түсінеді. Осыдан кейін Ингфорс шіркеуге келіп, онда соңғы рет ұйықтап алған. Үйсіздерге арналған баспананың өкілі ер адамның атпен серуендеп, 20 жылдан бері көрмеген қызына баруды жоспарлап отырғанын айтты. Қазір ол өзіне тиесілі қаражатты алуды күтіп отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай