Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

АҚШ-та Назарбаев пен Путиннің аудармашысы жылдың үздік маманы атанды

19 Қаңтар 2016, 17:49
0
Мэрион Рифкинд. Фото: Facebook
Мэрион Рифкинд. Фото: Facebook

Әлемдік бірқатар көшбасшымен жұмыс істеген аудармашы Мэрион Рифкинд Strathmore нұсқасы бойынша "жыл маманы" атанды, - деп хабарлайды PR.com.

Осы салада 35 жыл қызмет еткен Рифкинд Нұрсұлтан Назарбаевтың, Владимир Путиннің, Джордж Буштың, Сапамұрат Ниязов пен Цзян Цзэминьнің сөйлеген сөздерін аударған. Ол аударма қызметтерін көрсететін Universe Technical Translation Inc компаниясының негізін қалаушы. Рифкинд Лондонда, Мәскеу мен Бакуде өкілдіктерін де ашқан. Оның орыс, француз, неміс тілдерін жетік меңгергені және қазіргі уақытта испан, иврит тілдерін үйреніп жүргені белгілі.

Айта кетейік, Strathmore бизнес, мәдениет, ғылым және саясатта жетістікке жеткен адамдардың есімдері аталған жинақты жыл сайын шығарады. Үздік мамандарды таңдау кезінде олардың қызметтегі жетістіктеріне ғана емес, көшбасшылық қасиеттеріне де мән беріледі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай