Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

АҚШ-та полицей болып істейтін қазақ жігіті ерлік жасады

30 Қыркүйек 2015, 14:40
4
Данияр Нұртаза. Сурет жеке мұрағаттан алынған
Данияр Нұртаза. Сурет жеке мұрағаттан алынған

Қазақстанның тумасы полицей Данияр Нұртаза метро станциясының маңында көшеде бір әйелді босандыруға көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицей өзін батырмын деп есептемейді, оның айтуынша, жағдай тым шұғыл болғандықтан шешім де аяқасты қабылданған. Жексенбі, 27 қыркүйек күні кешке Даниярдың кезекшілігі кезінде Бруклиндегі метро станциясының бірінде бір әйелдің толғағы басталғаны туралы хабар түскен.

"Диспетчер әйелдің мен кезекшілік етіп отырған станцияда екенін айтты. Алайда мен төменге түсіп, суреттелген адамға ұқсас ешкімді таппадым. Кейін жоғарыға, көшеге қарай көтеріліп бір фельдшерді көрдім, ол сол әйелдің артында кетіп бара жатты", - дейді ол.

Көшеге шыққан соң фельдшер екеуі станцияға жақын маңдағы көшеден жүкті әйелді тауып алды, ол картонды қораптың үстінде жылап, көмек сұрап жатыпты. "Біз жақындаған сәтте бала шығып келе жатты, бірақ бақытқа орай фельдшер оны ұстап үлгерді. Үлгергеніміз үшін бақыттымын", - дейді қазақ полицей.


Данияр Нұртаза жұмыс орнында

Нұртазаның айтуынша, сол оқиғадан кейін айналадағылар онымен қалжыңдаса бастаған. "Олар әйелдеріміз босанатын болса хабарласамыз дейді. Барлығының жақсы аяқталғаны үшін қуаныштымын. Анасы мен баласының жағдайы жақсы. Бұл ең бастысы", - дейді ол.

Даниярдың АҚШ-қа отбасымен бірге 2002 жылы көшіп барғаны анықталды. Туризм мен халықаралық маркетинг саласында екі жоғары білімі бар жігіт 2008 жылы штатта азаматтыққа қол жеткізіпті. "2005 жылы әуе компаниясына жұмысқа кірдім. Бес жылдан кейін туристік фирмамды ашып, бос уақытым бола бастады. Осында көшіп келгеннен кейін мұндағы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне деген құрметті байқадым. Ол маған қатты әсер етіп, штатқа келген сәттен бастап полицей болуды армандай бастадым", - деді ол.


Данияр Нұртаза

Ақыры 2010 жылы Нұртаза полиция бөлімшесіне түйіндемесін қалдырыпты, тексерулер мен тесттер аяқталғаннан кейін, яғни төрт жыл өткенде ол тәртіп сақшыларының қатарына қосылған. "Жұмыс істеген 10 айдың ішінде мұндай ерекше оқиға бірінші рет болып тұр. Тағы бір мынадай оқиға болған, әріптесім екеуміз үш құқық бұзушыны ұстадық. Қолымызда тапанша болса да оларға әліміз келмеді. Қосымша күшті шақыртқаннан кейін, бір (!) минуттың ішінде 10 полицейден тұратын жасақ келді. Ол АҚШ-тағы полиция жұмысының жүйесіне қатысты керемет әсер қалдырды", - деп сөзін аяқтады Данияр Нұртаза.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай