Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

АҚШ-тың жаңа елшісі Ақордада қазақ тілінде сөз сөйледі

18 Наурыз 2015, 17:04
0
Джордж Крол. ©twitter.com
Джордж Крол. ©twitter.com

Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы жаңа елшісі Джордж Крол бүгін Ақордада қазақ тілінде бірнеше рет сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Крол алдымен Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырып тұрып қазақша сөйледі. Ол мәтінді қағаздан оқығанымен, бұл Қазақстан Президентін енжар қалдырмады, ол бұған ізгі ниетпен жымиды.

Айта кетейік, бүгін сенім грамоталарын тапсырған өзге елшілердің барлығы өздерін Назарбаевқа аудармашы арқылы таныстырды, олардың арасында Кувейттің, Пәкістан мен Сауд Арабиясының дипломатиялық миссия басшылары болды. Ал Болгарияның елшісі орыс тілінде сөйледі.  

Содан кейін елшілердің әрқайсысы журналистерге шықты. Америкалық дипломат ол жерде де қазақ тілін білетінін көрсетті. Баспасөзге арналған мәлімдемесін де ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінде берді. Одан кейін сөз сөйлеген Болгарияның елшісі де бірнеше сөзді қазақ тілінде айтты.

Айта кетейік, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі жақында ғана тағайындалды. Ол қазірдің өзінде біздің елге деген сүйіспеншілігін көрсетіп үлгерді. Бұған дейін ол қазақтың ұлттық тағамдары қатты ұнағанын айтқан болатын. Елші қымыз бен шұбаттың оған қатты ұнағанын мойындады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай