04 ақпан 2018 10:11

Ақтау тұрғыны сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысын ерекше жолмен жасады - Видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтау тұрғыны сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысын ерекше жолмен жасады, деп жазады Lada.kz.


Ақтау тұрғыны сүйіктісіне үйлену туралы ұсынысын ерекше жолмен жасады, деп жазады Lada.kz.

Порталдың хабарлауынша, 32 жастағы Руслан қаладағы сауда-көңіл көтеру кешендерінің бірінде сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Ол "Шадвал" ұлттық би ансамблімен бірге мұз айдынында шоу ұйымдастырды.

Жігіттің айтуынша, бұл идея оған осыдан екі апта бұрын келіпті.

"Осының барлығын өткен демалыста жасамақ едім. Бір себептерге байланысты бүгінге, 3 ақпанға қалдыруға тура келді. Мұны өткізуге менің достарым көмектесті. Біз орталықтың әкімшілігімен келістік, олар бірден қол ұшын созды. Осыдан кейін ансамбльдің жетекшісінен көмек сұрадым. Дайындық пен әзірлік жұмыстарына уақыт кетті. Күткенімнен де жақсы шықты. Менің қалыңдығым Таисия таңғалып, келісімін берді. Бүгін ең тамаша күн!", - деді Руслан.

Руслан сағат 15.30-да қызды сауда орталығына алып барған. Кіреберісте қызға тосын сый әзірлегенін айтып, көзін байлап қойыпты. Мұз алаңына келген соң, қыздан музыка басталғанда көзін ашуды өтінген. Әртістер өнерлерін көрсетіп болған соң, Руслан қызға жүзік сыйлады.

"Ол қатты таңғалды. Әрине, маған тұрмысқа шығуға бірден келісті", - деді жігіт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети