Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтауда бетпердемен би билеп, жұлдызға айналған көлік жуушының кім екені белгілі болды

09 Тамыз 2016, 09:56
1
© lada.kz
© lada.kz

"Лада" басылымының тілшілері бетперде киіп, биімен желі қолданушыларын таңғалдырған ер адамның кім екенін анықтады. Желі қолданушыларының жүрегін жаулап алған ақтаулық тұрғын 22 жастағы Жомарт Тыныштық болып шықты.

Видеоның авторы биші жігітті мейрамханада болған шараға шақырған екен. "Мен оның ырғақты биін көрдім. Жомарттың биі ұнағандықтан телефоныма түсіре бастадым. Содан жігіттен ол видеоны Интернетте жүктеуге бола ма деп те сұрадым. Сол уақытта ол бетперде киіп, билей бастады. Сол күні-ақ мен онымен біздің отбасымызбен мейрамханада өткізейін деп жатқан шараға келуіне келістім", - деді роликтің авторы Ербол.

Оның айтуынша, ол Қазнетте осыншалық танымал боламын деп ойламапты. Айта кетейік, жарияланған ролик YouTube арнасында бір тәулікте 80 мыңнан аса көрілім жинаған.

"Бастапқыда мен видеоны өзімнің Instagram желісіндегі парақшама жүктедім, кейіннен ролик тарала бастады. Содан кейін мен қолданушылармен осындай көңілді видеолармен бөлісіп отыруды шештім", - деді Ербол.

Сонымен қатар, видеоның басты кейіпкері Жомарт Тыныштық мұндай би билеуді Интернет арқылы осыдан бес жыл бұрын үйренгенін айтты. "Маған ұнайтын әрі үлгі тұтатын тобым - "Jabbawockeez". Ол кездері танымал топтардың бірі болатын. Мен олардың жасаған қимылдарын жаттап, дәл солар сияқты қимылдауға тырыстым. Адамдарға ұнады. Кейбіреулер тіпті іс-шараларда өнер көрсетуімді сұрады", - дейді Жома

Жомарт Тыныштық. © lada.kz


© lada.kz

Айта кетейік, 2013 жылы биші жігіт қалалық байқаудың жеңімпазы атанған. "Мен 19 жаста болғанда, "Минута славы по-актауски" байқауына қатысып, 1-орынды иелендім. Сыйлық та алдым. Бірақ кейіннен менің бұл салада жүруіме уақыт болмады. Жұмыс көп болды, биге уақыт болмады. Биыл бизнеспен айналысуды шештім. Екі апта бұрын автотұрақты жалға алдым. Сонда осы танымал видеоны түсірген болатынмын. Мен бетперде киіп, билеп жүрсем де, адамдар өнер көрсетуімді сұраймын. Мен қарсы емеспін, әрқашан дайынмын. Жарнама жағынан алып қарасақ та, бұл жақсы нәрсе. Осылайша біздің автотұраққа келушілердің саны көбейіп жатыр. Барлық автотұрақта адамдар билей бермейді ғой", - деп күлді Жомарт.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай