21 шілде 2017 19:18

Ақтауда тойға залына кіргізілген ат қонақтарды әбден әбігерге салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде той залына кірген аттың үркіп, той қонақтары мен иелерін әбден әбігерге салғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде той залына кірген аттың үркіп, той қонақтары мен иелерін әбден әбігерге салғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook желісінде пайда болған видеоның сипаттамасына қарағанда, оқиға Ақтауда болған. Кадрлардан мейрамханаға үстінде ұлттық киім киген бала отырған жылқының кіргенін көруге болады. Соған қарағанда бұл сүндет той сияқты. Атты ер адам алып келе жатады. Бірер сәтте ат үркіп, дастархандарды қирата шауып кетеді. Абырой болғанда, баланы ересек адамдар түсіріп алады. Кадр сыртындағы дауыстарға құлақ ассақ, бала шошып қалғанға ұқсайды.

Видеоның қашан түсірілгені белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети