14 қараша 2014 20:54

Ақтөбе облысында жылқы үстінде төрт күн бойы дәм татпай жүрген жасөспірім тірі қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©klimov.kiev.ua ©klimov.kiev.ua

Ақтөбе облысының тұрғыны Дулат Мырзағалиев далада төрт күн бойы дәм татпады, оның үстіне жасөспірім ат үстінде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді. Олар Мырзағалиевті үш күн бойы іздеген.


Ақтөбе облысының тұрғыны Дулат Мырзағалиев далада төрт күн бойы дәм татпады, оның үстіне жасөспірім ат үстінде жүрген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері мәлімдеді. Олар Мырзағалиевті үш күн бойы іздеген.

Жасөспірім өткен жексенбі күні, 9 қарашада жоғалып кетті. Мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін әйелдің баласы асау атты қолға үйретпек болыпты. Мінген кезінде ат баланы белгісіз жаққа алып қашқан.   

"Жасөспірім Ырғыз ауданының Мамыр ауылында тұрады, бұл - облыстың ең шалғайдағы аудандарының бірі. Оны іздеп табу үшін полиция қызметкерлері, жергілікті әкімдік пен "Охотзоопром" кәсіпорнының жұмысшылары жұмылды", - деді Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин. 

Оның айтуынша, мектеп оқушысы 13 қараша күні кешке табылды. Оны Қостанай облысымен шекаралас аймаққа жақын жерде елді мекенді шабандармен бірге трактормен аралап жүрген тәртіп сақшылары көріп қалған.   

"Бұл мінілмеген атты тоқтату кезінде қиналғанымызды-ай! Жылқы тракторды өшірген соң ғана сабасына түсті. Жасөспірім осы уақыт бойы оның үстінде нық отырыпты", - дейді Ардагер Уайдин.

Мінілмеген ат оны осы күндер бойы ашық далада алып жүріпті, ал жасөспірім тірі қалу үшін оған өзін байлап алғаны анықталды. Тіпті дәретке де ат үстінен түспей барып, төрт күн бойына дәм татпапты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети