Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Ақтөбеде Ауғанстанда болған итке ескерткіш тұрғызылды

13 Қазан 2014, 16:54
0
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Ақтөбеде Ауғанстанда қызмет еткен итке ескерткіш қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Беда" есімді төртаяқтыға ескерткіш қоюға жауынгер-интернационалистер мұрындық болды.

Жергілікті мүсіншінің туындысы Ауғанстандағы әскери операцияларға қожайынымен бірге қатысқан Беда есімді иттен аумай қалған, оның биіктігі - үш метр. Ит операциялар барысында мина іздеді, бірнеше рет сарбаздардың өмірін құтқарып қалды.

Иттің иесі Мейірғали Қалдығұлов ол туралы мақтанышпен әңгімелейді. Ауған ардагері Беданы күшік кезінен баққан. "Беда деп атаған себебім - оның сарбаздардың сөмкесінен тамақ ұрлайтыны бар еді", - дейді Қалдығұлов.

Кейін Беда иесіне адал екенін байқатты. Жараланып қалған қожайыны госпитальде екі ай жатқан кезде ол нәр татпады, қақпа алдында Мейірғалиді күтумен болды. Жоғарғы басшылық бұл екеуін ешқашан ажыратпауды ұйғарды, ит пен оның иесі соғыстан бірге оралды. Қазір Мейірғали ит тұқымдарын өсірумен айналысады, олардың арасында Беданың тұқымдары да бар. 

Итке арналған ескерткіш Ақтөбеден 15 шақырым жердегі Қызылжар поселкесінде. Бұл елді мекенде иттерге арналған тәлімбақ бар, келешекте мұнда иесіз иттерге арналған орталық ашылмақ. Облыстық жауынгер-интернационалистер қоғамының жетекшісі Аслан Нұрқасыновтың айтуынша, мұндай ескерткіш елімізде тұңғыш рет бой көтеріп отыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай