Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Ақтөбеде жоғары білімділердің басым бөлігін әйелдер құрайды

06 Наурыз 2014, 13:13
0
Фото Кazakzaman.kz …
Фото Кazakzaman.kz …
Ақтөбе облысында жоғары білімді қыз-келіншектердің үлесі ер адамдардан әлдеқайда көп деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі BNews.kz-ке сілтеме жасап.

Аймақтан жұмыспен қамтылған әйелдердің 39 пайызының жоғары білім бар. Бұл жағынан ерлердің үлесі небәрі 32 пайыздан аспайды. Дегенмен, облыста қыз-келіншектердің айлық жалақысы ерлермен салыстырған 32 пайызға аз екендігі байқалып отыр.

Айта кететіні, әрбір бесінші ақтөбелік қыз-келіншектің атқарып жүрген жұмысы өз біліктілігіне сай келе бермейді. Гендерлік саясат жағынан келгенде басшылықта жүрген нәзік жандылардың үлесі бес пайыздық межеден аспайды. Тіпті, бұл көрсеткішті құрап отырғандардың көбі білім саласында жұмыс істейді.

"Өнеркәсіпте жүрген әйелдердің үлесі 18 пайыз, мемлекеттік қызметте басшылықта отырғандардың жалпы көрсеткіші тоғыз пайызды құрайды", - делінген облыстың Статистика департаменті таратқан ақпаратта.

Облыста әйелдердің өмір сүруінің орташа көрсеткіші ерлерден он жылға артық. Яғни, нәзік жандылардың орташа жасы 75 жас болса, ерлер 65 жасты құрайды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай