Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақтөбеде оқушы қыз желіде 3 рет хат алмасқан адамына тұрмысқа шығып кетті

15 Шілде 2015, 18:49
0
© kakprosto.ru
© kakprosto.ru

Ақтөбеде 16 жастағы қыз желіде 3 рет хат алмасқан адамына тұрмысқа шығып кетті. Бұл туралы "Діндерді зерттеу орталығы ассоциациясы" директоры Юлия Денисенко Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты. Денисенконың айтуынша, мұндай оқиғалар еліміздің аймақтарында көп кездеседі.

"Өткен жылы Қазақстанның батысында болған жағдайды естіп, таңғалдық. 16-17 жастағы оқушылар Интернет арқылы радикалды ағымды ұстанатын жігіттермен танысқан. Олар Интернет арқылы үш рет хат алмасқаннан кейін неке қиылатын күнді белгілеген. Біз Ақтөбедегі оқушы қыздардың осы оқиғасын айтып берген қызды реабилитациядан өткіздік. Оның құрбысы ешкімге айтпастан, осы жолмен құпия түрде бір еркекпен үйленген. Ал бір айдан кейін жігіті оған талақ айтып, оның сыныптасымен үйленіп кетіпті. Екі қыздың да ата-аналары бұл жайлы білмей қалған", - деді Юлия Денисенко.

Маман осыған ұқсас тағы бір оқиғаны мысалға келтіріп отыр. "Алматы мешітінде болған бір жағдайды айтып берейін. Менің танысыма біреу келіп, мүлдем танымайтын бір қызбен үйленуге ұсыныс жасады. Ұсынушының айтуынша, ол өте әдепті қыз, Павлодардан келе жатыр екен. Ол "менің қазір төрт әйелім бар, екі аптадан кейін біреуімен ажырасам да, сенен оны алып кетем" деп айтқан. Әйелдерге деген мұндай қарым-қатынас бәрінен бұрын сол әйелдердің өзіне қалыпты жағдай болып барады. Оларды қолдан-қолға береді. (...) Әйелдердің жүктілігінің сегізінші айында "Босану кезінде өліп кетуді армандаймын, себебі мен жұмаққа барамын!" деуі қорқынышты. Себебі баланы тәрбиелеп, салауатты отбасын құрып, туыстары мен айналасындағыларға дұрыс үлгі көрсету одан да маңызды", - деді Денисенко.

Еске салайық, Қазақстандағы заңсыз діни некелер шариғаттың дұрыс түсіндірілмеуімен байланыстырылған болатын. Бұл туралы Қазақстан Республиксының Мәдениет және Спорт министрлігі Дін істері комитетінің Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында айтылған.

Дін істері комитетінің өкілдерінің айтуынша, мұндай мәселелер заңсыз некеге тұру және заң органдарындағы сәйкес есепке алынбай ажырасу жағдайларынан шығады әрі көбінде дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанған адамдардың арасында кең қолданысқа ие. "Мәселен, мұндай некелер (сәйкес есепке алынбаған - Авт.) көп жағдайда ата-аналардың келісімінсіз және мешіттен тыс жерде қиылады. Олар белгілі бір уақыттан кейін ешқандай жауапкершіліксіз біржақты тәртіпте бұзылуы да мүмкін. Мұндай заңсыз некелердің себебі діни сауатсыздық және шариғат нормаларын дұрыс түсінбеуден болады деп есептейміз. Мұндай некеге тұрудан және жауапкершіліксіз әрекеттерден көп жағдайда әйел адамдар зардап шегеді, олар басындағы проблемалармен жалғыз қалады және мемлекеттің сәйкес әлеуметтік қорғауынсыз қалады", - делінген ведомство жауабында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай