28 қаңтар 2016 19:57

Ақтөбелік зейнеткерлер нанның ішінен қолданылған мүшеқап тауып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vk.com © Vk.com

Ақтөбе облысында зейнеткер нанның ішінен қолданылған мүшеқап тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Нанның суреті Интернетте жарияланған болатын, кейін ол өшіріліп тасталды. Зейнеткерлер тауып алған заттары туралы құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Ішінен мүшеқап табылған нанды олар 22 қаңтар күні ауылдағы дүкеннен сатып алған. Зейнеткердің айтуынша, мүшеқап екі күн өткен соң табылыпты.

Ал Ақтөбе облысы ІІД өкілдері осы кәсіпорынның өніміне байланысты түскен бұл алғашқы шағым емес екенін мәлімдеді. Органның баспасөз қызметі басшысы Ардагер Уайдиннің айтуынша, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Осы күнге дейін Қобда ауылының екі тұрғыны шағым түсірді. Олар бір күнде ауылдағы екі түрлі дүкеннен нан сатып алған. Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 304-бабына (Санитарлық ережелер мен гигиеналық нормативтерді бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды, соның нәтижесінен бұл заттың нанға қалай тап болғаны, өнімнің осы ЖШС-ға қатысы бар-жоғы анықталады", - деді Ардагер Уайдин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети